Мыңдаған ақтөбелік мерекелік шеруге шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік шеру өтті. Шеруге этно-мәдени бірлестік өкілдері мен қаладағы ірі зауыт жұмысшылары, оқу орындарының студенттері мен оқушылар шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ақтөбеде 18 этно-мәдени бірлестік бар. Олар тілі мен салт-дәстүрін сақтау үшін әр жексенбі сайын Қазақстан халық Ассамблеясы үйіне жиналады. Өңірде өтіп жатқан мәдени шараларға белсене қатысатын өнер ұжымдары бүгінгі мерекеде ұлттық киімдерін киіп, арнайы көрме-жәрмеңке ұйымдастырды. Қаланың бас даңғылымен жүріп өткен шерушілер «Бірлік пен ынтымақтастық» сулы-жасылды желекжолына жиналды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді  бірлік мерекесімен құттықтап, достық пен татулықты берік ұстануға шақырды.
null null 

«Әр ұлттың, мемлекеттік дамуы сол елдегі бірлікке ынтымаққа, достыққа байланысты. Өткен 25 жылдағы Қазақстанның ең негізгі жетістігі, құндылығы - тұрақтылық, бірлік, жаңғыру. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, осыны біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Сонда біздің мемлекетіміз дамиды, болашағы болады. Біз өзіміз аш-жалаңаш отырсақ та дастарханымыздағы, үйіміздегі байлығымызды басқа ұлттың өкілдеріне бөліп берген ұлтпыз. Біз басқа ұлттың өкілдерін жат, бізге қатысы жоқ ұлттар деп бөлген емеспіз. Соның нәтижесінде Қазақстанның, қазақтың дүниежүзінде алар орны бар. Қазақстандағы достық лабораториясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы дүниежүзіне өнеге. Қазіргі ұрпақтың міндеті осы істі жалғастыру»,- деді Бердібек Сапарбаев.  
null null 

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні өңірдегі барлық саябақтарда «Бірліктің шаңырағы - киелі Қазақстан» атты мерекелік концерт болды. Қаладағы саябақтардың жазғы маусымы ашылып, субұрқақтар іске қосылды.
null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар