«Мың бала» алғашқы ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы академиясы елдегі заманауи білім беру ресурстарына қол жеткізетін 1000 жеңімпаздың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грант иелерінің тізімімен Нұрсұлтан Назарбаев қорының www.fnn.kz сайтынан танысуға болады.

Жоба Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Ел Үміті» дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі Елбасы бастамасының аясында жүзеге асырылуда.

Олимпиада екі кезеңде өтті. Алғашқы кезең ағымдағы жылдың ақпан айында сырттай ұйымдастырылған болатын. Ол еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптағы 295 мың оқушыны қамтыды. Нәтижесінде 1685 ауыл мектебінен барлығы 5002 оқушы іріктелді.

Олимпиаданың екінші кезеңі 2020 жылдың 21-22 тамыз күндері қатаң карантин талаптарына сай 19 Назарбаев Зияткерлік мектебі негізінде және аудан орталықтарындағы 34 пунктте өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктелді. Оның 30-ы Республикалық физико-математикалық мектептің Алматы қаласындағы филиалына бірден қабылданды. 6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес оқуын «Білім-инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде жалғастыруға мүмкіндік алады.


5 сынып аяқтаған жеңімпаздар Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде ақысыз олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге ие болады. Онда мектебінде әр қатысушыға жеке тьютор бекітіліп, оқушымен бірге жеке даму жоспарын жасайды. Бір жыл ішінде қатысушылар еліміздегі үздік педагогтардың қолдауымен келесі жылы дарынды балаларға арналған мектептердің 7-сыныбына түсу үшін білімдерін жетілдіреді.

Олимпиаданың екінші кезеңінің 5 мың қатысушысы Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінің білім ресурстарына тегін кіріп өз бетінше білімін шындай алады. Олар үшін қосымша сабақтар және пән мұғалімдері тарапынан кеңес алу кестесі бекітіледі.

Қосымша ақпарат үшін 7170 байланыс орталығына (қоңырау шалу тегін) хабарласуға болады.

Аймақтар бойынша бөлу:

Аймақтар

5 сынып

6 сынып

Ақмола облысы

49

34

Ақтөбе облысы

18

16

Алматы облысы

89

107

Атырау облысы

31

18

Шығыс - Қазақстан облысы

42

30

Жамбыл облысы

33

58

Батыс - Қазақстан облысы

49

43

Қарағанды облысы

20

21

Қостанай облысы

33

30

Қызылорда облысы

38

37

Маңғыстау облысы

28

33

Павлодар облысы

29

29

Солтүстік – Қазақстан облысы

35

34

Түркістан облысы

6

10

Қорытынды

500

500


Соңғы жаңалықтар