Мың алғыс: Шымкентте ассамблея өкілдері 1 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Құрбан айт мерекесіне орай өткен «Мың алғыс» жалпыреспубликалық акциясына Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері белсене атсалысты.

Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер вирусқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті.

Атап айтқанда, қалалық өзбек этномәдени бірлестігі вирусқа шалдыққан 200 адамға қажетті көмек көрсетіп, 200 жалғызбасты қарияға азық-түлік жиынтығын таратты.

Ал, түрік этномәдени бірлестігі құрбандық шалып мыңға жуық адамды ет өнімдерімен және азық-түлікпен қамтамасыз етті. Олардың қатарында вирусқа шалдығып, қаза болған медицина қызметкерлерінің жанұясы мен тұрмысы төмен отбасылар бар.

Ұйғыр этномәдени бірлестігі жағдайы төмен және көпбалалы 18 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларын таратты.

Татар-башқұрт этномәдени бірлестігі пандемия кезінде қайтыс болған екі медқызметкердің отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Шымкент қаласындағы аталған этномәдени бірлестіктер жалпы құны 1 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.



Соңғы жаңалықтар