Мылтықпен отбасын жайратып салмақ болған адамды полиция жаралады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда отбасына мылтық кезеп, «атамын» деп сес көрсеткен ер адамды полиция жаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішімдікке мас болған 36 жастағы ер адам отбасына мылтық кезеніп қорқытқан. Оқиға орнына шақырылған полиция мылтықты жерге қоюын сұраған кезде, билік өкілінің талабын орындамай, атып жіберген.
Полиция қызметкері табельдік қаруын пайдалануға мәжбүр болды. Тәртіп сақшылары қылмыскердің қаруын тартып алып, өзін жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізді.

Соңғы жаңалықтар