Мықты саяси партияларды дамыту керек – Сенат төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мықты партия, дамыған азаматтық қоғам, ықпалды бұқаралық ақпарат құралдары болуы керек. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақты саяси бәсекелестік болуы үшін бірнеше талапты орындау қажет. Біріншіден, мықты саяси партияларды дамыту керек, яғни осы партиялар арасында саяси бәсекелестік болғаны дұрыс. Екіншіден, қуатты азаматтық қоғамды қамтамасыз ету маңызды. Адамдар өздерінің пікірін, ұстанымын емін-еркін білдіруі керек», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол елімізде ықпалды бұқаралық ақпарат құралдарының болғаны маңызды саналатынын, алайда олар популизмге жол бермеуі керек екенін айтты.

«Сондықтан мықты партия, дамыған азаматтық қоғам, ықпалды бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық реформалар жолымен ілгерілеу үшін маңызды талап болып отыр», - деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы алдағы сайлауда Парламентке, Үкіметке жаңа адамдардың келуіне мүмкіндік болатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар