Мұзға түскен балалардың өлімінен соң ТЖД мәлімдеме жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ТЖД мұз астына түсіп кеткен балалардың өлімінен соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа температурасының көтерілуіне байланысты ақпанның басында Алматы территориясындағы барлық су қоймаларындағы мұз жабындысы жұқарып тұр. Көбінесе осындай сәтте су үстінде ойнаған балаларға қауіп төнеді. Бүгін Алатау ауданында Теректі ауылы маңында жасанды кәріз коллекторының жанынан 3 мектеп сөмкесі табылды. Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК Республикалық құтқару жасағының 7 мүшесі жіберілді. Балалардың мүрдесі судан алып шығарылды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазір аталған оқиғаға байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсыруымен жұмыс тобы құрылды.

Осыған байланысты ТЖД қала тұрғындарына су қоймаларының маңайына баруға тыйым салды.

«Ең үлкен қауіп судың ортасында. Көктемге таман су ағатын құбырлардың, көпірлердің маңы қауіпті. Мұздың қалыңдығын аяқпен теуіп білуге болмайды. Топпен жүрген жағдайда мұздың үстінде бір жерге топталып алуға болмайды. Мұз астына түсіп кеткен жағдайда құлаған тұсыңызға баруға тырысыңыз. Алдымен кеудені содан соң бір аяқты шығаруға тырысу керек. Жер бетіне шыққан соң жатып демалуға болмайды. Тек жылы жерде ғана демалу керек», - деді ТЖД мамандары.


Соңғы жаңалықтар