+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беріледі

2020 жылғы 22 қазан 10:38
Бөлісіңіз:
Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңда музейлер мен кітапханалар іске асыруға құқылы ақылы қызмет түрлерінің тізімі және олардан пайда табу тәртібі қарастырылған. Тізім сол кезде мемлекеттік мекеме нысанында жұмыс істеген кітапханалар мен музейлерге құқық беру үшін заңға енгізілген болатын. Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, егер ақылы қызметтер құқығы салалық заңдарда көзделмесе коммерциялық емес болып табылатын мемлекеттік мекемелердің нысанында құрылған ұйымдардың бұндай қызметке құқығы жоқ«, - деді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы жөнінде баяндама жасаған министр.

Алайда, оның айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның көптеген музейлері мемлекеттік кәсіпорындарға айналған. Осы орайда, қолданыстағы заңда музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беретін норма кәсіпорындардың ақылы қызметтер көрсету аясын шектеп отыр.

«Осыған орай заң жобасында осы норманың қолданылуын мекемелер түрінде құрылған ұйымдарға ғана қолдану ұсынылып отыр. Кәсіпорындар «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарының аясында іске асыратын болады. Сонымен қатар, осы заң жобасы аясындағы ең маңызды нормалардың бірі, ол мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдарды жекешелендіруге тыйым салатын түзету болып табылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT