Музейдегі мұралар келешек ұрпаққа толық жетуі тиіс - министр

None
None
ЖИДЕБАЙ. ҚазАқпарат – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық барысын ұйымдастыру мақсатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің тарихи-мәдени мұра басқармасының қызметкері Ә.Күзербаев, «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің қызметкері Қ.Тұяқбаев, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Нұрмұхановалар музейдегі алдағы жүргізілетін жұмыстар барысымен танысты.


«Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова Абай музейіндегі асыл мұраларды келешек ұрпаққа толықтай жеткізу қажеттілігін баса назарға алып, цифрландыру жұмыстарын ауқымды жүргізу қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ, ведомства басшысы музей экспозициясын жаңалау кезінде заманауи технологиялармен жабдықтау, экспозицияның жаңаша үлгіде жасалуы, музейдің іші мен сыртына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілуі қажеттігін атап көрсетті», - делінген Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар