Музей түні: Елорда тұрғындары Ұлттық музейдегі құнды жәдігерлерді тамашалауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жылдағы дәстүр бойынша ҚР Ұлттық музейінде бүгін 24:00-ге дейін «Музей түні» акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, биылғы акция ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай және Халықаралық музей күні мерекесіне арналып, «Бес жыл бірге» деген тақырыпен үйымдастырылмақ. Акцияға келген астаналықтар мен қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, түрлі шараларды тамашалай алады.

нац музей

«Шараның мақсаты - ұлттық кодқа негіз болатын ұлттық құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, мұражай қызметін, ондағы экспонаттар мен жауһар жәдігерлерді кеңінен насихаттау», - деді Ұлттық музей өкілдері.

нац музей

Мұражай қонақтары Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай, музей қорынан жаңа экспонаттармен толықтырылған Этнография залы мен жаңа ашылған «Асыл мұра» залдарын тамашалай алады. 2015 жылғы 18 наурызда қорларды толықтыру мақсатымен «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы қолға алынған болатын. Көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерінің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары және жеке коллекциянерлер музейге тарихи және мәдени құндылығы бар заттарды сыйға тартып, музей қорлары түрлі құнды жәдігерлермен толыққан. Осы экспонаттар «Асыл мұра» залына ұсынылып, қару-жарақ пен кілем топтамалары, мемлекет және саясат қайраткері жеке коллекцияларынан бағалы бұйымдар қойылды.

нац музей

Халықаралық музей түні мерекесі 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген. Аталған датаға орай 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өткізілді. «Музей түні» акциясы ҚР Ұлттық музейінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған шара осыған дейін 5 мәрте ұйымдастырылды. 2015 жылғы алғашқы акцияға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамыр күні Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген. 2017 жылы аталған акция 2 рет өткізілді. Оның алғашқысы Наурыз мерекесіне орай «Наурыз - жаңғыру нышаны» деген тақырыппен ұйымдастырылып, Халықаралық музей күніне арналды.

нац музей нац музей нац музей нац музей нац музей нац музей нац музей

Соңғы жаңалықтар