Мұздатылған балық өнімдерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде мұздатылған балық түрлерін экспорттауға тыйым салынбақ. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балық өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын аттыру бағытында балықты салқындатылған және мұздатылған түрде экспорттауға тыйым салу мәселесі қаралып жатыр», - деді С. Брекешев.

Бұдан басқа ол ауланған және өсірілетін балықты терең өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары балық өнімдерін шығару үшін жағдай жасау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Былтыр өңдеуге 35 мың тонна шикі балық жіберілді, нәтижесінде 29 мың тонна балық өнімдері алынды», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан 25 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды.

Балықты заңсыз аулағандар 15 тәулікке қамалуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар