«Мұзбалақ» мультфильмінің саундтрегіне клип түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өндірісіндегі «Мұзбалақ» толықметрлі көркем анимациялық фильмінің саундтрегіне арналған клип жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Музыкалық клиптегі әнді орындаушы әрі авторы Ұшқын Жамалбек.

Айта кетерлігі,  65 минуттық көркем анимациялық фильмге әзірлікті аниматор-режиссерлер Тілек Тілеуғазы мен Тұрдыбек Майдан 2015 жылдың қыркүйегінде қолға алған.

Ал, «Мұзбалақтың» трейлері жылдың басында жарияланды.

Фильм бойынша 40-қа жуық отандық аниматор жұмыс істеді. Мультфильм 2D және 3D форматында түсірілген және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Ерғали Төлебаев, Алма Әділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.

Бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайтын бұл мультфильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Естеріңізге сала кетейік, киностудия былтыр толықметражды екі анимациялық фильм шығарды. Соның бірі «Мұзбалақ» болса, екіншісі режиссер Адай Әбілданың тарихи тұлға, қолбасшы Күлтегін туралы картинасы. Аталған фильмдер толыққанды аяқталған және прокаты мен тұсаукесері үстіміздегі жылға жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар