«Мұзбалақ» мультфильмі Ресейдегі кинофестивальге қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мұзбалақ» анимациялық фильмі Ресейдегі кинофестивальге қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының толықметрлі анимациялық «Мұзбалақ» атты картинасы XVII Халықаралық «От рухы» («Дух огня» ) атты дебюттік фильмдер кинофестивалінің, жасөспірімдер мен балаларға арналған туындылары «Сенің киноң» («Твое кино») конкурстық бағдарламасына қатысып, бақ сынамақ. Фестиваль Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск қаласында 1-6 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетерлігі, фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

Авторлар «Мұзбалақ» атты анимациялық фильмі арқылы тарих қойнауына еніп, жоғалып бара жатқан, қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениетін көрсету арқылы, адаммен бүркіт арасындағы сенім негізіне құралған достықты жас ұрпақ санасына сіңіруді көздейді.

«Бұл фестиваль көптен бері өткізіліп келеді. Алайда, анимациялық фильм алғаш рет қатысып отыр. Ал бұл туынды біздің «Қазақфильм» киностудиясының мультфильмі екені екі есе қуантады. Фестивальдің атының өзі - «От рухы» - түркі әлеміне өте жақын таным. Сондықтан да біз «Мұзбалақ» мультфильмі жүлдесіз қалмайды деп сенеміз», - деп мәлімдеді картинаның сценарий авторларының бірі әрі қоюшы-режиссері Адай Әбілдинов.

Соңғы жаңалықтар