+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

МузАРТ әншісі Кенжебек есту қабілеті төмен балаларға арнап орталық ашпақ

2018 жылғы 31 шілде 18:53
Бөлісіңіз:
МузАРТ әншісі Кенжебек есту қабілеті төмен балаларға арнап орталық ашпақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда үздік үш әлеуметтік жоба авторлары марапатталды. Жылда ұйымдастырылатын байқауға 18 жоба іріктеліп алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақта жақсы сөз бар. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген. Осындай әлеуметтік қайырымдылық жобалардың маңызы артып келеді. Біздің басты мақсатымыз - осы жобаларды мемлекетке көрсету, қоғамның назарын аудару, сол арқылы әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж адамдарды өмір сапасын жақсарту болып табылады», - деді «Нұр Отан» партиясы Алматыдағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова.

Ұсынылған 18 жобаның ішінде құпия дауыс беру арқылы 3 жоба үздік деп танылды.

Атап айтқанда, үшінші орынды «Еріктілер қозғалысы әлемді өзгертеді» жобасының авторлары Лейла Байрамова мен Әмина Ермұхамбетова иеленді. Оларға конкурс демеушілері 500 мың теңге көлемінде сыйлық берді.

Екінші орынды МузАРТ ансамблінің әншісі Кенжебек Жанәбіловтің «Ел назы» арт-терапия орталығы жобасы жеңіп алды.

Әнші есту қабілеті нашар балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін орталық ашпақшы. А.Байтұрсынов пен Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан орталыққа диагнозы қойылған кез-келген бала келе алады.

«Біздің орталықта есту қабілеті төмен, кахилярлы имплант салынған балалармен жұмыс жасалады. Мен бұл проблеманы өзімнен өткіздім. Менің өзімнің үлкен ұлым құлағы естімейтін болып дүниеге келді. Біз 7 жасына дейін көп уақыт созып жүріп алдық. Миына дыбыс келмеген соң адамның миы ұйықтап қалады екен. Кахилярлы имплантты 6,5 жасында орнаттық. Содан бастап баламыз мектепке барды, аттарымызды айтады», - деді Кенжебек Жанәбілов.

null

Аталған орталықта әзірге 40 бала білім алатын болады. Мұнда сурдопедагогтар балаларды домбыра, вокал өнеріне баулитын болады.

Жүлделі бірінші орынды «№1 мамандандырылған әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік кәсіпорны «Жеке өмір сүру үйі» жобасымен жеңіп алды.

Аталған жобаның авторы Данипа Ысқақова үздік жұмысы үшін 1 млн теңге көлемінде сыйлық алды.

Айта кету керек, «Жеке өмір сүру үйі» былтыр мамырда ашылған болатын. Мұнда 20 психологиялық- менталды ауытқуы бар адам жеке өздері өмір сүруді үйреніп жатыр. Мамандардың айтуынша, осы адамдардың 5-і қазір мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеп жатыр. Аталған үй мүмкіндігі психологиялық науқастарды әлеуметтік қоғамға бейімдеуге бағытталған.

nullnullnullnullnull

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT