Мұз үстінде қандай қауіпсіздік талаптарын сақтау керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қыста мұз үстінде қатер төнген адамды құтқару қалай жүргізілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қысқы құтқару құралдарына мыналар жатады:

Құтқару тақтасының ұзындығы - 5-8 метр, ені - 120 см. Бір ұшында ілмек, екінші ұшында ұзындығы 30-дан 40 метрге дейін арқан бекітіледі. Құтқарушылар жағада арқанның ұшын қозғалмайтын затқа байлайды, содан кейін мұз үстімен зардап шегушіге қарай жыжиды және оған тақтаның ұшын ілмекпен береді. Осы арқылы судан шығуға көмектеседі.

Құтқару сырығының ұзындығы - 5-8 метр. Оның соңына ұзындығы 40 мет капрон арқан бекітіледі. Құтқарушы жағаға арқан байлайды, өзі үшін қауіпсіз қашықтыққа жақындайды да, судағы адамға қарай сырықты созады.

Құтқару арқанының ұзындығы-25-30 метр. Оның екі ұшында ұзындығы 70 см-ге дейін ілмектер болады. Құтқарушы сол қолына ілмекті, ал оң қолына екінші ілмекті алып, оны батып бара жатқан адамға лақтырады.

Құтқару сатысының ұзындығы – 3-6 метр, ені-50-70 см. Ол шырша, қарағай немесе дюралюминий түтіктерінен жасалған. Құтқарушылар құтқару тақтасы сияқты пайдаланады. Барлық жағдайларда құтқарушы алдын ала сақтандыру шараларын ескергені жөн.

Айта кетейік, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету үшін қолда бар құралдарды қолдану керек. Бұл тұрғыдабөренелер, сырықтар, шаңғылар, қалқандар, жіптер, шалбар белдіктері, киімдер және басқа да заттар пайдаланылуы мүмкін.

Пайдалы кеңестер:

- Егер мұздың жеткілікті деңгейде қалың екеніне сенімді болмасаңыз, оның үстімен жүрмеңіз.

- Есіңізде болсын, мұз жағалауда берік болады; оның қалыңдығы жағадан алыстаған сайын үлкен тереңдікте, сондай-ақ өсімдіктер бар немесе тез ағатын жерлерде жұқарады.

- Мұздың беріктігі ауа температурасына да байланысты. Күндіз ол таңертең және кешке сияқты берік емес.

- Мұз үстімен қозғала отырып, қара дақтарды айналып өтіңіз, мұнда мұз өте жұқа болады.

- Мұз үстімен жүру кезінде қалың қар қабатымен жабылған учаскелерді, су жылдам ағатын жерлер, бұлақтар, сондай-ақ бұталар, өсімдіктер бетіне шығатын жерлерді, бұлақтардың су қоймасына құйылатын және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылы сарқынды сулары құйылатын, мұз дайындау жүргізілетін және басқа да қауіпті жерлерді айналып өту қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін өткен брифингіде Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Есен Байыров мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар Е.Байыров қай кезден бастап өзендегі мұз үстінде коньки тебуге болатынын айтты.

«Су айдындарында конькимен сырғанау алаңдарын пайдалануға мұздың беріктігін мұқият тексергеннен кейін рұқсат етіледі. Оның қалыңдығы кемінде 12 см, ал жаппай сырғанау кезінде кемінде 25 см болуы тиіс», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар