Мұз ойылып, бұғы өсірушінің әйелі мен екі қызы суға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Ямал-Ненецк автономдық округінде орын алған. Вылпосл кентінде тұратын бұғы өсірушінің отбасы Обь өзенінен өтпек болған.

Жанында үш жасар ұлы бар 29 жастағы Руслан Мелехов «Боран» қарда жүргішіне зайыбы мен екі қызы отырған шананы тіркеп, сүйретіп келе жатты.

Кенеттен шана тіркелген қар кешкіш қараңғыда мұзды суға түсіп кетті. Ер адам ұлын басқа жаққа лақтырып үлгеріп, өзі судан мұз бетіне шыға алды. Ал оның 22 жастағы зайыбы, бес жасар қызы Алиса және сегіз айлық қызы Саша отырған шана су түбіне кетті.

Сүңгуірлер қаза тапқандардың мүрделерін іздеп жатыр. Олардың айтуынша, қайғылы оқиға орын алған жерде судың тереңдігі 12 метрді құрайды.

Соңғы жаңалықтар