+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Мұxамедиұлы жастарды букмекерлік кеңселерден шығарудың жолын тапты

2017 жылғы 29 мамыр 12:56
Бөлісіңіз:
Мұxамедиұлы жастарды букмекерлік кеңселерден шығарудың жолын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Лотерея туралы» заңның арқасында отандық спортты дамытып қана қоймай, бәс тігу бизнесін де ашық жүйеге келтіруге де болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, лотереядан түсетін табыстың 15 пайызы спортты дамытуға жұмсалады. «Шыны керек, бұған дейін ондай заң болмаған. «Лотерея туралы» заң өте қиын құжат болды. Дегенмен, біз оны қабылдадық. Лотереядан түсетін ақшаның аз емес екенін бәріміз жақсы білеміз. Бірақ қандай салық төленеді? Кімге пайда түсіп жатыр? Оған қарап отырған ешкім жоқ. Біз осы саланы ашық қылдық, бір жүйеге келтірдік. Ең бастысы, түсетін ақшаның 15 пайызы спортты дамытуға бағытталатын болады. Сосын осы саладағы әлемнің үздік компанияларын тартып жатырмыз. «Неге?» десеңіз, егер лотерея саласы жақсы дамыса, онда букмекерлік кеңселер мен тотализаторларда отырған жастардың барлығын лотереяға шығаруға болады. Бұл - әлемдік тәжірибе. Ол үшін лотереяны ашық салаға айналдырған маңызды», - деп атап көрсетті Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Айта кетейік, бүгін министр қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, спортқа арналған жаңа заңнама бойынша әрбір облыс өзіне тән спорт түрін дамытатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT