Мұсылмандарға «шылым шабуылы» жасалып жатыр

None
None
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) соңғы уақытта шылым шегетіндер қатарының көбейгеніне алаңдап отыр. Өкінішке қарай, бұған тележарнамалардың да қосып отырған үлесі аз емес екені айтылған ДСҰ баспасөз баянында. Бұл жайында Abna.co ақпарат көзіне сілтеме жасап muslim.kz хабарлады.

Мәлімдемеде айтылғандай, әсіресе, танымал телесериалдарда темекі өнімдері тікелей және жанама түрде жарнамаланып жатыр. Ең сорақысы, өткен Рамазан айында мұсылмандар көп шоғырланған Таяу Шығыс елдерінде темекі жарнамасы эфирден көптеп берілген. Ауызашардан кейін сериал көру үшін теледидарға телміретін жұртқа темекі өнімдерінің жарнамасын тықпалайтын шылым өндіретін компанияларға әзірге әй дейтін әже, қой дейтін қожа табылмай тұр.

Осыған байланысты ДСҰ мына екі жағдайға назар аударуға шақырып отыр. Біріншісі - темекі өндірушілер мен ойын-сауық бағдарламаларын ұсынатындардың арасындағы байланысқа тосқауыл қою. Екіншісінде темекі өнімдерінің жарнамасына, демеушілігіне немесе өзге де жолдармен шылым шегуге ынталандыратын шараларға тыйым салу қарастырылған Конвенцияға қол қойған елдерді осы құжаттың 13-ші бабының бұзылмауын жіті қадағалауға үндеп отыр.

«Мұндай жарнамаларға, әсіресе, жастар алданып қалады», - деді ДДСҰ-ның Шығыс Жерорта теңізі бойынша аймақтық бюроның директоры Әлі Албан.

Мұсылман елдерінде темекі өнімдерін тұтыну көрсеткіші тым жоғары. Ер адамдарға шаққанда бұл көрсеткіш, мәселен, Тунисте - 52%, Пәкістанда - 38%, ал әйелдер бойынша Йеменде - 11%, ал Иорданияда - 6%. 13-15 жас аралығындағылар бойынша алсақ, бұл көрсеткіш Ливанда - 40%, Катарда - 20%. Ал бойжеткендер арасында Ливанда - 40%. Өзге мұсылман елдерінде - 10 пайыздан 20 пайыздың арасында.

Соңғы жаңалықтар