14:18, 10 Желтоқсан 2017 | GMT +6
Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-13 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздігі күні аясында Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Турнир 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өтеді.
Осымен 12-ші мәрте ұйымдастырылатын додаға Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 200-дей балуан бақ сынайды.
Жарыс 9 салмақта (38, 42, 46, 51, 57, 64, 73, 81, +81 келі) өткізіледі.
Республикалық турнирді Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шиелі ауданының әкімдігі ұйымдастыруда.