+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Мұстафа Шентоп: ҚР Тұңғыш Президентінің бастамалары бүкіл әлем үшін маңызға ие

2020 жылғы 26 қараша 19:23
Бөлісіңіз:
Мұстафа Шентоп: ҚР Тұңғыш Президентінің бастамалары бүкіл әлем үшін маңызға ие

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары бүкіл әлем үшін зор маңызға ие деп санайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты Мәжіліс ұйымдастырған халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Түркия Парламентінің Спикері Мұстафа Шентоп Қазақстан мен Түркия терең тарихи және мәдени байланыстарды жалғастыратын екі достас және бауырлас халық екенін айтты.

Мұстафа Шентоптың айтуынша, Түркия Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық серіктес және өңірдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі ретінде қарастырады.

Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттіліктің қалыптасуы мен елдің экономикалық дамуындағы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанды бейбітшілікті нығайту ісінде көшбасшы болып табылатын қуатты мемлекетке айналдырудағы тарихи рөлін атап өтті.

«Қазақстанның үдемелі дамуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың демократияны, адам құқықтарын және заңның үстемдігін дамыту жолында қолға алған қадамдары маңызды орын алатыны сөзсіз», - деді түрік Парламентінің өкілі.

Нұрсұлтан Назарбаев мықты көшбасшылық қасиеттермен қатар демократияны нығайтып, Қазақстанды жаңғырта білген, бұл ретте мызғымас ерік-жігер танытқан сирек кездесетін саясаткерлердің бірі екеніне Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы ерекше тоқталды.

Сонымен қатар конференцияда талқыланған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын назар аударған Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың парламентаризм мен парламенттік мәдениетті дамытуға қосқан үлесін де атап өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев - жол көрсететін және өте дана тұлға. Сондықтан оның құнды көзқарастары мен көрегендігін бүкіл әлем қолдануы керек», - деді Мұстафа Шентоп.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT