Мұстафа Качалин: Түркі әлемінің бірлігі көптеген саяси және экономикалық мәселелерді шешеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем халықтары көптеген құндылықтарын жоғалтуымүмкін, мұндай қаіп бар. Осы себепті, түркі әлемінің бірлігінің маңызы аса зор. Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумының ашылуында Түрикядан келген Түрік тіл құрымының төрағасы, профессор Мұстафа Качалин осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі біздің форум Астана қаласының 20 жылдығына және жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына, сонымен қатар ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Мен мұнда Түрік тіл құрымының атынан келдім. Қазір әлемде көптеген құндылықтардың жойылып бара жатқан уақыты. Сондықтан, біз өз құндылықтарымызды еуропалық ойлау жүйесінен бөліп алып, өзінің ерекшелігін, адами және мәдени бірегейлігін сақтап қалуға барымызды салуымыз керек. Оны міндетті түрде дамытуымыз қажет», - дейді Мұстафа Качалин.

Профессордың айтуынша, қазіргі жастар екі ортада өмір сүргенімен, олардың менталитеті ортақ болса - бір қоғамның өкілі бола алмайды.

«Біз қазір түркі мемлекеттерінің қоғамдары қалай дамып келе жатқанын айтып бергіміз келеді. Түркі мемлекеттері әртүрлі аймақтарда жатыр. Біз бірлікке ұмтылып, мәдени қарым-қатынасымызды жан-жақты дамытуға барынша күш салуымыз керек. Түркі әлемі ұғымының ауқымы өте кең. Халықтың бірлігі, түркі әлемінің бірлігі - бізге көптеген саяси және экономикалық мәселелерді шешуге сеп болары анық. Сондықтан, түркі әлемінің ынтымағы үшін осы форумның маңызы аса зор. Мен ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді», - деді Мұстафа Качалин.

Еске сала кетсек, Астанада бүгін Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумы өтіп жатыр. Биылғы форум «Ұлы Дала» Астананың 20 жылдығына, сонымен қатар ақын Мағжан Жұмабаевтың - 125, жазушы Шыңғыс Айтматовтың - 90, Әзербайжан Халық республикасының -100, Томсеннің Түркі жазуын оқуының 125 жылдығына арналып отыр.

Соңғы жаңалықтар