Мүсінге шыққан сегіз жасар қыз бала құлап, ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Воронеж облысында мектептегі субұрқаққа қойылған мүсінге шыққан сегіз жасар қыз ажал құшты.

РФ ТК өңірлік тергеу басқармасының деректері бойынша, қайғылы жағдай кеше, 27 қыркүйекте Репьевский ауданындағы Краснолипье елді мекенінде болған.

Сабақ біткеннен соң оқушы мүсінге шығып оны теңселте бастаған. Артынша аңдамай құлап кетіп,бассейннің бетон еденіне баспен түскен. Алған жарақат салдарынан қыз бала сол жерде ажал құшты.

РФ ТК келеңсіз жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар