Мүсінге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы Карлсруэ қаласында майысқан Mercedes-Benz автомобилі түріндегі мүсінге тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында пайдаланушы Sham Jaff жазды.

Айыппұл суретші Эрвин Вурмның жасаған мүсініне салынған. Түбіртекте қандай сома жазылғаны және бір бөлігі артындағы құрылыстың қабырғасында тұрған көлік үшін айыппұлды кім төлейтіні әзірге белгісіз болып отыр.

Эрвин Вурм өз шығармашылығында автомобильдермен талай рет жұмыс істеген. Мысалы, ол майыстырылған Volkswagen минивэнін құрастырған және «семіз» көліктер топтамасының авторы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар