Мусин: Алдағы 7 жылда мемқызметтердің 90% проактивті негізде көрсетіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы 7 жылда мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы проактивті негізде көрсетіледі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар форумында осындай жоспарын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келешектегі цифрлық Қазақстанның бейнесі туралы айтсақ, ең бастысы – адамға бағдарлану. Бұл – цифрлық технологиялардың өмірдің түрлі жағдайларына қарай көшуі. Біздің цифрлық үкімет ретіндегі міндетіміз –бүкіл Үкімет адамға қарай бет бұрып, әлдеқайда проактивті болуы керек. Яғни, қарапайым адам смартфон арқылы негізгі сұрақтарға «Иә», «Жоқ», «Білмеймін» деген сияқты жауап беріп-ақ, қажетті сервистерге қол жеткізе алуы керек», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, цифрлық технологиялар қазақстандықтардың өміріне неғұрлым көбірек енсе, Үкімет қабылдайтын шешімдердің тиімділігі соғұрлым артпақ.

«Қазір мемлекеттің қызметі цифрландырылған болса, жеті жылдан кейін 90 пайыз қызмет проактивті болуы шарт. Ол бүкіл жерде, кез келген адамға қолжетімді болады.

Сонда мемлекет шешімді қандайда бір гипотезалар мен пайымдар негізінде емес, мемлекеттік және мемлекеттік емес деректер базасы арқылы жинақтаған мәліметтері негізінде шығарады»,-деді министр.


Соңғы жаңалықтар