Мұса Жәлелдің өлеңдері қазақ тілінде жарық көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ресейдің мәдениет және ғылым орталығында белгілі татар ақыны Мұса Жәлелдің "Таңдамалы" атты өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті.

Соның ішінде алғаш рет қазақ тіліне аударылған шығармалар енді. Аталған шара ақынның туғанына 110 жыл толуына, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жинаққа татар, қазақ және орыс тіліндегі 14 шығарма енді. Қазақ тіліндегі аударманы Қазақстан журналистері одағының мүшесі Мұрат Әбдіраxманов (1938 - 2015 ж.ж.) жасаған. Бұл - "Дослук" атты татар мәдениеті мен білім беру орталығы қолға алған үлкен жобаның нәтижесі. Соның аясында басқа да шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы әскери мұражайға М.Жәлелдің жеке заттары табысталды. Бұдан бөлек, Астанада Мұса Жәлел атындағы әдеби конкурс өтті.

"Биыл біз екі маңызды датаны атап өтіп отырмыз. Ол - татар классигі Ғабдулла Тукайдың 130 жылдығы және Мұса Жәлелдің 110 жылдығы. Біріншісі татардың әдеби тілі мен болмысын сақтаса, екіншісі - патриот ақын Моабит түрмесіне түссе де, туған елге деген маxаббатын, сүйіспеншілік сезімінің отын соңғы демі шыққанша өшірген жоқ. Соны өз өлеңдерінде ашық көрсетті. Оның қайсар мінезі бәрімізге үлгі бола алады", - деді Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілі Рүстем Валиуллов бүгінгі шара барысында. Осыдан кейін ол жинақты құрастырушы Ринат Дусумовқа "Мұса Жәлелдің туғанына 110 жыл" естелік медалін табыстады.

Кеңес одағының қаһарманы, татар ақыны Мұса Жәлел Орынбор облысының Мустафино ауылында дүниеге келді. Мәскеу мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін балаларға арналған бірнеше журналдың редакторы болды. 1941 жылы майданға аттанып, сол жерде ел алдындағы борышын өтеумен қатар әскери тілші қызметін атқарды. Бір жылдан кейін тұтқынға түсті. Алайда қашып кетіп, "Идеаль-Урал" легионына қосылды. Соның құрамында басқа да әскери тұтқындарға қашуға көмектесті. Аталған топты Қазақстанның тумасы Ғайнан Құрмашев басқарды. 1944 жылы Берлин қаласындағы Плётцензее түрмесінде Мұса Жәлелді гильотинада (бас шабатын құрал - авт.) жазалады. Ал 1946 жылы оның Маобит түрмесінде жазған өлеңдерінің дәптері табылды.

Фото: Ильзат Сафаргалиев

Соңғы жаңалықтар