+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Мурманскіде қазақтардың төбелесі: ҚР СІМ оқиғаға түсінік берді

2021 жылғы 24 наурыз 22:50
Бөлісіңіз:
Мурманскіде қазақтардың төбелесі: ҚР СІМ оқиғаға түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында төбелес болды. Олардың арасында қазақтар бар. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда мектеп құлап, алты адам қаза тапты Астанаға жарысқа келген спортшылар қонақүйде төбелес шығарған Павлодарда 68 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар тарап жатыр.

«23 наурыз күні, сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес орын алды.

Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ.

ҚР Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда», - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT