Мұрат Нұртілеу ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрлері кеңесінің отырысына қатысады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің министрлері кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 5 мамырда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының алдағы кеңесінің негізгі мәселелерінің бірі – ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысына шығарылатын құжаттарды дайындау», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған министрлер кездесуінде елдердің түрлі салалардағы, соның арасында Ұйым қызметін жетілдіру мәселелеріндегі одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары талқыланады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ресми өкіл Ирактағы түрмеде өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әйелдер аштық жариялағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар