Мұрат Мұстафаев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып тағайындалды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Мұрат Мұстафаев тағайындалды, деп хабарлай»ды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Мұрат Мұстафаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің директоры қызметін атқарып келді. Еңбек жолын «Южнефтегаз» АҚ мұнай өндіру операторы болып бастады. Әр жылдары «Торғай Петролеум» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарған. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да бас геолог, бас директордың орынбасары, геология және игеру жөніндегі басқарушы директор, геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директоры болған. «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» ЖШС мен «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры лауазымдарында қызмет атқарған.


Соңғы жаңалықтар