Мұрат Мұқышев Қазақстанның ШЫҰ бойынша ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалды

None
Фото: people.com.cn
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мұрат Алтынғазыұлы 1983 жылы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында дүниеге келген.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлыбританиядағы Бирмингем университетін бітірді.

Дипломат мансабын 2006 жылы ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің референті болып бастады.

2007 – 2008 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі.

2009 – 2011 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы.

2011 жылы ҚР-дың Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы.

2011 – 2012 жылдары ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы.

2011 – 2012 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің екінші хатшысы.

2013 – 2014 жылдары ҚР парламенті Сенаты Аппаратының халықаралық комуникациялар және хаттама бөлімінің бас консультанты.

2014 – 2015 жылдары Пекин қаласындағы ШЫҰ Хатшылығы жанындағы ҚР-дың Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы.

2015 – 2016 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

2016 – 2018 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2018 – 2019 жылдары ҚР СІМ Азия-Тынық мұхит өңірі департаменті ШЫҰ басқармасының басшысы.

2019 – 2020 жылдары ҚР СІМ ШЫҰ қызметі жөніндегі Ұлттық үйлестіруші басқармасының басшысы.

2020 – 2021 жылдары ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты өңірі департаменті директорының орынбасары.

2021 – 2023 жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2023 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі лауазымына тағайындалды.

І сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесіне ие.

Соңғы жаңалықтар