+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мұрат Баймұқашев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

2021 жылғы 22 шілде 18:29
Бөлісіңіз:
Мұрат Баймұқашев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев 1967 жылы 23 мамырда дүниеге келді.

1994 жылдан бастап құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Ішкі істер органындағы жұмысын жол полициясының патрульдік қызметі батальонының инспекторы лауазымынан бастады.

1997 жылдан бастап ҚР ІІМ жол полициясы басқармасында жұмыс істеді, сонымен қатар министрліктің орталық аппаратының департаменттері мен бөлімдерін басқарды.

2009 – 2019 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде басшылық лауазымдарда, соның ішінде алты жылға жуық қорғаныс және құқық қорғау бөлімінің бастығы болды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың наурызынан ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT