Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы комитет төрағасы қызметінен ауысуға ниет білдірді. Мұрат Бақтиярұлы біраз жыл бойы осы комитетке басшылық жасады. Маңызды заңдардың қабылдануына, Парламенттік тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын өткізіп, әлеуметтік-мәдени және ғылым мәселелерін шешуге үлкен үлес қосты. Мұрат Бақтиярұлына комитет төрағасы ретінде атқарған табысты қызметіне алғысымызды білдіреміз», - деді Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның атап өтуінше, Мұрат Бақтиярұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамында қызмет етуге өтініш білдірген.

Осыған қатысты шешім палата отырысында қабылданып, Сенат қаулыларымен Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылып, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне сайланды.


Соңғы жаңалықтар