+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Мұрат Әбенов: Президент өте өзекті экологиялық проблемалар туралы сөз қозғады

2020 жылғы 11 шілде 10:56
Бөлісіңіз:
Мұрат Әбенов: Президент өте өзекті экологиялық проблемалар туралы сөз қозғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов Президенттің экологиялық мәселелерге байланысты жүктеген тапсырмаларына қолдау білдірді. Сарапшының айтуынша қоқыс өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қазір барынша ынталандыру керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда электрокарларды тіркеу сервисі ашылды Қостанайда Сібір елігін заңсыз атқандар ұсталды Мағзұм Мырзағалиев экологиялық құқықбұзушылық үшін жазаны не үшін күшейту керектігін түсіндірді

«Президенттің осынау жоғары деңгейде Экология министрлігі халық пен қоғам белсенділерін, сарапшыларды тартып, жүйелі түрде көтеріп келе жатқан проблемаларды айтқанына қуаныштымын», - деді Мұрат Әбенов.

Сарапшы осыған дейін елдегі экологиялық мәселелер жүйелі түрде шешімін таппай, оларға коммуналдық шаруашылық деңгейінде де қаралып келгенін де айтып өтті.

«Себебі ынталандыратын фактор жоқ. Бизнес үшін де, азаматтар үшін төлем бірдей. Қалалардың айналасында құрылыс қоқыстары мен медициналық қалдықтар үйіліп жатыр. Бұл жерде қоқысты жинау үшін ғана емес, оны өңдеу үшін де ынталандырушы факторлар болуы тиіс. Мұны заңнамалық тұрғыда реттеу керек. Бұл жерде депозиттік жүйені, қоқыс жағатын зауыттардың мәселесін, қоқыс өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру ісін зерттеген жөн. Қоқыспен жұмыс жүргізудің өзі де сол кезде табыс әкелмек. Сонымен қатар қоқысты заңсыз шашатындардың да жауапкершілігін күшейткен дұрыс. Алайда мұның бәрін қадағалаудың электронды жүйесін енгізу арқылы жүргізген абзал. Әрбір көліктің жанында бір-бір полицейден қоя алмайсың», - дейді Мұрат Әбенов.

Сарапшының айтуына қарағанда қазіргі уақытта қаралмай жатқан аумақтардың иесі жоқ.

«Әсіресе демалыс орындарын, табиғи аумақтарды айтып отырмын. Жақында да Алматы маңындағы Іле-Алатау ұлттық паркінде болдық. Қоқыс үйіліп жатыр. Бірнеше қорықшы ол жерді бақылауға да үлгермейді. Егер осындай аумақты тазалық пен тәртіпті сақтай алатын жауапты инвесторлардың сауатты басқаруына беретін болсақ, ондағы қоқыс мәселесі де реттелер еді», - деді ол.

Мұрат Әбеновтің айтуынша, балаларға мектепте экологиялық білім бермесе олар есейгенде қоршаған ортаның қадірін білмейді.

«Мәселен министрлік жекелеген ұйымдармен бірге мектептерде экологиялық сағаттарды өткізеді. Онда оқушыларға қоқысты бөле-жара салу жағы да оқытылады. Балалар осындай сынақ-сабақтан өткеннен кейін бір қызығы осы үйренгендерін ата-анасына да үйрете бастапты. Экологиялық мәдениетті оқытқан өте маңызды. Мұнымен айналыспаудың салдары қоқыстың қордаланып, жасы технологияларға үрейлене қарайтындай жағдайға әкеп соқты», - дейді ол.

Еске сала кетсек 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізуді тапсырған болатын.

«Бізге қазіргі уақытта қоғамдық көзқарас тұрғысынан маңызы артып келе жатқан экология проблемасымен айналысу керек. Жыл сайын 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық жиналып қалады. Олардың 15 пайызы ғана өңделуде. Бұл - жеткіліксіз», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT