Мунгия Головкинмен келісе алмаса Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) мамыр айында жекпе-жек өткізу жөнінде өзара келісімге келе алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Boxingscene-ға сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, жеңіліп көрмеген мексикалық нокаутер орта салмақтағы үшінші жекпе-жегін сәуір айының алғашқы жартысында өткізуді жоспарлап отыр. Ал оған әлеуетті қарсылас ретінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) аталған.

Мексикалық боксшының командасы Қанат Исламмен келіссөз жүргізіп жатқанын, алайда әліде Головкинмен жұдырықтасуға басымдылық беретінін айтты.

Айта кетейік, Қанат Ислам өткен жылы жекпе-жек өткізген жоқ. 2019 жылы, отандасымыз жарақатына байланысты араға бір жыл салып, кәсіпқой боксқа қайта оралды. Сондай-ақ, ол бірінші орта салмақтан орта салмаққа ауысып, Алматыда доминикалық қарсыласы Хулио Де Хесусты (27-2, 24 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Қанат Ислам орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша International титулын иеленіп, соңғы жекпе-жегінде намивиялық Уолтер Каутондокваға (18-2, 17 КО) қарсы шығып сәтті қорғады. Қазақстандық боксшы орта салмақта әлемдік рейтингіде 14-орында.

24 жастағы Хайме Мунгия 2018 жылы америкалық Садам Әлиді жеңіп, бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын иеленді. Сондай-ақ, Мунгия осы салмақта чемпиондық атағын 5 рет сәтті қорғап, Қанат Исламның бұрынғы қарсыластары Брэндон Кук (22-2-0, 15 КО) пен Патрик Аллотейды (41-4-0, 31 КО) нокаутпен жеңді.

Мунгия 2020 жылы орта салмаққа ауысып, екі жекпе-жек өткізді. Соңғы жекпе-жегінде, мексикалық боксшы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Inter-Continental титуылын иеленіп, әлемдік рейтингіде 5-орында тұр.

Соңғы жаңалықтар