+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Мұндай оқиға әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі - Елбасы теңгенің енгізілуі жайлы

2019 жылғы 15 қараша 14:11
Бөлісіңіз:
Мұндай оқиға әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі - Елбасы теңгенің енгізілуі жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасының баспасөз қызметінің Іnstagram парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ұлттық валютаны ұстап тұрған фотосуреті жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депозит бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлеме қандай Ұлттық қордың активтері $1,3 млрд өсті Қаржыны қайда салған тиімді: Қайрат Келімбетов тұрғындарға кеңес берді

«1993 жылдың соңына дейін Қазақстан рубль аймағында болып, тәуелсіз экономикалық саясат жүргізе алмады. Ресейдің ескі нұсқадағы қолма-қол ақшасының басқа елдерден жаппай біздің ел аумағына түсуі қазанның аяғында республиканың ақша жүйесінің бұзылуына, инфляцияға, «қазақстандық» және ресейлік рубльдің сатып алу қабілетінің күрт алшақтауына әкелді. Мұның бәрі біздің халықтың өмір сүру деңгейіне теріс әсер етті», - делінген Іnstagram парақшада.

Сол жылдың 15 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей банкінің қазынашылық және банктік билеттерінің айналымы тоқтатылды. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға жіберілді.

«Осы сәттен бастап Қазақстанның шынайы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен ел дамуындағы маңызды кезең басталды. Мұндай оқиғалар әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Еске сала кетсек, бүгін - Ұлттық валюта теңгенің айналымға енген күні және Қазақстан қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.

Теңге айналымға енген 26 жылдың ішінде ұлттық валютамыздың қалай өзгергенін мына сілтемеден көруге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT