Мұнайшылар алып келген судың бір бөлігін облыс игілігіне қайтардық – Нұрлан Ноғаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Президенттің қабылдауында қандай мәселелерді ортаға салғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының қабылдауында Маңғыстау обылсының әлеуметтік-экономикалық мәселелері туралы баяндама жасадым. Яғни, биыл жеті айда атқарылған істер туралы мәлімет бердім. Маңғыстау облысындағы өзекті мәселелердің бірі – халықты ауыз сумен, өндіріс орындарын жалпы сумен қамтамасыз ету. Бұл жерде Астрахань-Маңғышлақ су құбыры арқылы келетін және Ақтау қаласындағы су тұщыту қондырғылары мен жерасты су тұщыту қондырғыларынан алатын су мамыр айынан қыркүйектің соңына дейін тұрғындардың қажеттілігін толық қамтамасыз етпейтінін атай отырып, Президенттің былтырғы Маңғыстау іссапары кезінде берген тапсырмалары қалай орындалып жатқаны туралы баяндама жасадым», - деді облыс әкімі.


Аймақ басшысы өндіріске алынып келген судың бір бөлігін тұрғындар игілігіне босатудың мүмкіндігі туығанын еске салды.

«Қазіргі таңда Қаражамбас кен орынында тәулігіне 15 мың текше метр су тұщытатын қондырғы іске қосылып, Астархань-Маңғышлақ су құбырынан мұнайшылар алып отырған 17 мың текше метр судың 10 мың текшесін Маңғыстау облысының игілігіне алу мәселесі шешілгенін жеткіздім. Ақтау қаласындағы су тұщыту зауыты 20 мың текше метрлік қондырғыны іске қосу керек болатын. Қазіргі таңда соның 5 мың текше метрін қостық. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру барысында жылдың аяғына дейін бұл көлем ұлғаятыны жөнінде мәлімет бердім», - деді ол.

Сондай-ақ өңір басшысы былтырғы қуаңшылық барысында Президент берген тапсырмалардың қалай орындалғаны туралы да айтты.

«Биыл жауған жаңбыр біраз қолдау көрсетті. Дегенмен, маңғыстаулықтар оған тоқмейілсімей, алдағы уақытқа қажет жемшөптің қорын дайындап жатқаны, соның ішінде көршілес облыстардан жер алып, шөп шауып жатқандары туралы да баяндадым.

Облысты дамытудың тағы бір басым бағыттарының бірі – турзим. Каспиге келіп, шомылам деушілердің, денсаулығын түзегісі келетіндермен бірге қасиетті тарихи жерлерге келетін басқа өңір азаматтарының және алыс-жақын шешетелден келетін азаматтардың легі артқаны жөнінде де ақпарат бердім. Президент осы жұыстары әрі қарай да жалғастырып, облыстағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету туралы тапсырма берді»,- дейді Маңғыстау облысының әкімі.



Видеодан алынған кадр/t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар