Мұнайлы ауданындағы ахуал тұрақты

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Ауданда вокзал алды мен «Адай» базасында бейбіт шеруге шыққан тұрғындар толық тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығы Ақтау қаласымен байланыстыратын жолдардың барлығы ашық.

Ауданда 20 сұйытылған газ құю бекеті дәл қазір жұмыс істеп тұр. Газдың 1 литрі 50 теңге.

Супермаркеттер жұмысы жанданды. Алайда төтенше жағдай режиміне байланысты жұмыс уақытына шектеулер бар. Маңғыстау ауылындағы теміржол вокзалының жұмысы толықтай қалыпқа келді. Жолаушылар пойызы кесте бойынша жүріп жатыр.


Аружан Саптарова


Соңғы жаңалықтар