Мұнайдың бағасы ұзақ уақыттан бері алғаш рет 70 доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады – Brent маркалы мұнайдың баррелінің құны $70 болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшылардың атап өтуінше, мұндай нәтиже 2019 жылдың мамырынан бері алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Investing.com.

Сарапшылар мұндай өсімді Таяу Шығыстағы жағдайдың өршуімен байланыстырып отыр.

Лондон биржасындағы сауда-саттық барысында Brent маркалы мұнайдың бағасы Нұр-Сұлтан уақытымен 7:15-те 70,16 долларды құрап, мұның алдындағы сауда күнімен салыстырғанда 2,08%-ға қымбат болды.

Соңғы рет Brent баррелінің бағасы мамырдың соңында $70-ке жеткен еді. Ол кезде де мұнайдың қымбаттауы Парсы шығанағындағы оқиғаларға байланысты болды.


Авторы Азамат Сыздықбаев


Соңғы жаңалықтар