+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Мұнайдың бағасы өсіп, теңге нығаяды – Сарапшы болжамы

2020 жылғы 13 наурыз 19:08
Бөлісіңіз:
Мұнайдың бағасы өсіп, теңге нығаяды – Сарапшы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржылық кеңесші Расул Рысмамбетов мұнай бағасы мен теңгенің долларға бағамы жөнінде өз болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«8 наурыз күні жексенбіде мұнай нарығы шайқала бастады, ал дүйсенбі күні 9 наурызда «құлады». Оның артынан қаржы нарықтары да құлдырады. Соңғы 29 жылдағы мұнай бағасының мұндай төмендеуінің себебі – ОПЕК + құрамындағы елдер арасында «қара алтын» өндірісін қысқарту туралы келісімнің болмауы еді. Қазақстан бұған не істеді? Мұнай бағасының күрт құлдырауы ұлттық валютаның әлсіреуіне ықпал етті. Еліміздегі айырбастау орындарында бір доллар бағамы 400 теңгеден асты, қазіргі уақытта 406 теңгеге деңгейінде белгіленді», - деп жазды Расул Рысмамбетов Facebook-тегі парақшасында.

Сарапшының айтуынша, айырбастау бағамы сыртқы соққына қабылдады. Осы аптаның қорытындысы бойынша валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі орташа күндік деңгейден 3 есе жоғары болған.

«Бұл күндері нарық шамадан тыс реакция байқатты, дегенмен теңге күрт әлсіремеді. 10 наурызда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізгенін және қажет болған жағдайда бұл интервенцияны жалғастыратынын мәлімдеді. Солай болған тәрізді, себебі 400 теңгелік шекті біртіндеп еңсердік. Мұнай бағасының апатты түрде төмендеуі, біздің негізгі сауда серіктесіміздің валютасы – ресей рублінің әлсіреуі сынды сыртқы нарықтағы ауқымды негативтен кейін қор нарығындағы құлдырау жағдайы оңала бастады», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің ставканы 12% -ға дейін көтеру туралы шешімі кеш болса да, жағдайды тұрақтандыруға оң ықпал етті. Бірнеше банкте теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлеме өсті. Іс жүзінде бұл қадам теңгелік депозиттерден долларға ауысуды бәсеңдетуі және долларға сұранысты азайтуы тиіс.

«Меніңше, әлсіз экономика үшін Үкіметті және үлкен көлемде валютаны жоя бастаса Ұлттық банкті сынға алу қажет. Алайда осы екі күн психологиялық тұрғыда да маңызды болды. Әрі қарай не болмақ? Мұнайдың қымбаттауы әбден мүмкін. Сауд Арабиясы мен оның араб көршілері қандай мықты болса да, ешкім Ресеймен дау-дамау үшін ақша жоғалтқысы келмейді. Коронавирусты да ұмытпаған жөн. Бірақ Қытай арзан мұнай сатып алды және менің ойымша, экономика мұнайсыз ұзақ уақытқа шыдамайды.

Бүгінде сыртқы факторлардың оң динамикасына куә болып отырмыз: мұнай бағасы біртіндеп тұрақтанып келеді, барреліне 35 долларға дейін көтерілді. Рубль бір долларға 75,5-тен 72,5 рубльге дейін нығайды. Төменге құлдыраған қор индекстері де өсе бастады. Еуропалық индекстер орташа есеппен 4%-ға өсті. Бұл – біздің нарық үшін өте жақсы белгі. Мұнайды қоса алғанда, нарықтың соңғы мәліметтерін ескерсек, теңге тұрақтанып, нығая бастауы тиіс», - деді Р. Рысмамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Мұнай,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT