Мұнайдың бағасы қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,91 долларға қымбаттап, 64,21 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,55 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,77 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар