Мұнайдың бағасы күрт төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,15 долларға төмендеп, 64,76 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,78 долларға арзандап, бір баррелі 55,48 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар