Мұнайдың бағасы құбылып тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы құбылып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Brent маркалы мұнай бағасы тамыздағы жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,26 долларға төмендеп, баррелі 62,06 доллар болды.

WTI маркалы мұнай бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк (NYMEX) тауар биржасында 0,01 долларға көтеріліп, баррелі 53,27 доллардан болды.

Авторы Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар