Мұнайдың бағасы көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық нәтижесінде, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,9 долларға көтеріліп, баррелі 75,34 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,79 долларға қымбаттап, баррелі 65,85 долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар