Мұнайдың бағасы едәуір көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы едәуір көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,05 долларға қымбаттап, барреліне 74,89 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 2,02 долларға көтеріліп, 67,86 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар