Мұнайдың әлемдік бағасы төмендей түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық нәтижесінде, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,02 долларға төмендеп, баррелі 75,36 доллар болған.

WTI маркілі мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,79 долларға кеміп, баррелі 64,73 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар