Мұнайдың әлемдік бағасы өсті
2022 жылғы 30 маусым 18:42

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнай бейсенбі күні таңғы сауда-саттықта барреліне 112,52 долларға саудаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбідегі соңғы сауда-саттықта мұнайдың эталондық маркасының баррелінің құны 116,24 долларға жетті және күннің соңына қарай баға 112,45 доллар деңгейінде болды. 30 маусымда таңғы сағат 09.34-те Brent маркалы мұнай бағасы 0,06 пайызға, барреліне 112,56 долларға дейін өсті.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 109,88 долларды құрады.

Ливияның негізгі екі портынан мұнай жеткізілімінің тоқтатылуы және Эквадорда жалғасып жатқан наразылықтар салдарынан өндірістің төмендеуі мұнай жеткізу мәселесін күшейтті. Сонымен қатар бағаның өсуіне АҚШ-тағы коммерциялық шикі мұнай қорының төмендеуі болжамнан да көп әсер етті.

АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметінше, өткен аптада елдегі шикі мұнайдың коммерциялық қоры 2,8 миллион баррельге (0,7 пайыз) -415 миллион 600 мың баррельге дейін азайды.

Нарық қорлары шамамен 110 000 баррельге азаяды деп күтілген еді. Көрсетілген кезеңде АҚШ-тағы бензин қоры 2 млн 600 мың (1,2 пайыз) - 221 млн 600 мың баррельге дейін ұлғайды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT