Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күнгі Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сауда қорытындылары бойынша, мұнай бағасы біршама өсе түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сауда қорытындысы бойынша, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,38 долларға өсіп, бареліне 73,44 долларды құрады.

WTI маркілі мұнай бағасы қыркүйек айындағы жеткізілімдер бойынша, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,63 долларға өсіп, баррелі 68,52 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар