
2018 жылғы 13 маусым 09:47
Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық нәтижесінде, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,58 долларға төмендеп, барреліне 75,88 долларды құрады.
WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,26 долларға өсіп, баррелі 66,36 доллар болды.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP