Мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,1 долларға қымбаттап, баррелі 59,74 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 1,34 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,21 доллар болды.


Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар