+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

2020 жылғы 3 сәуір 16:02
Бөлісіңіз:
Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Мұнайдың әлемдік бағасы соңғы онжылдықта мұнай нарығының ең жылдам құлдырауынан кейін барреліне 30 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Келесі аптада ОПЕК+ келіссөздері болатыны анықталғаннан кейін бейсенбі күні Brent маркалы мұнай барреліне $32,05 дейін көтерілді. Әлемдегі коронавирус жағдайына байланысты 6 сәуір күнгі келіссөзді бейнеконференция түрінде өткізу туралы шешім қабылданды.

АҚШ президенті Дональд Трамп мұнайдың әлемдік бағасын тұрақтандыруға көмектесетін Әр-Рияд пен Мәскеу арасындағы жаңа келісім жасалуы мүмкін екенінен үміттендіргеннен кейін Brent бағасы бірден өсіп кетті.

Ресей мен Сауд Арабиясы Covid-19 пандемиясына байланысты энерготасымалдаушыларға сұраныс төмендеп кеткеніне қарамастан нарықтағы үлесін арттыруға тырысып, күреске дайындалып жатқандықтан мұнай бағасы 18 жылдық төменгі көрсеткіш, яғни барреліне $23 төмендеді.

Бейсенбі күні Трамп өзінің ресми Twitter парақшасында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен сөйлесіп, Әр-Рияд пен Мәскеу өндірісті күніне 15 млн баррельге қысқартады деп күткенін жазды.

Сол күні Сауд Арабиясы болып жатқан жағдайға байланысты кеңесу үшін ОПЕК+ отырысын өткізуді ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Мұнай, Тариф,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT