Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

2018 жылғы 23 қаңтар, 09:25
Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,42 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 69,03 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 0,12 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 63,49 доллар болды.

Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar