Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы едәуір көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,222 долларға жоғарылап, 61,9  долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы2,02 долларға қымбаттап, баррелінің бағасы 52,95 доллар болды.  

Соңғы жаңалықтар